Мазмұнға өту

Ресми құжат · ұйымдарға

Ұжымның құжаты — бірнеше минутта

Жүз құжатты бірден тексеріңіз. Бір үлгіден жүз бұйрық жасаңыз. Орысша құжатты қазақшаға айналдырыңыз.

Matin дайындайды. Тексеріп, бекітетін — сіз.

Мекеме, мектеп, баспа, редакция

Бір күндік жұмыс бірнеше минутта

100 құжатты қолмен тексеру

≈ 10 сағат

Бір құжатқа орта есеппен 6 минут.

Matin-де

бірнеше минут

Файлдарды таңдайсыз, қалғанын Matin істейді.

  • 100 құжатты бірден тексеру

    300 Word файлына дейін бірден. Әр қатенің тұсында түзету мен себебі тұрады: «жауабкершілік» → «жауапкершілік». Есеп Excel-де.

  • 100 адамға бірден құжат жазу

    Бір үлгі мен адамдар тізімі — әрқайсысына жеке бұйрық, 500 адамға дейін. Аты-жөн дұрыс септеледі: «Айгүлдің».

  • Ұйымның ортақ үлгілері

    Бекітілген бланктерді бір рет қосасыз. Әр қызметкер бос жерін толтырып, дайын Word құжатын алады.

  • 50 орысша құжат бірден қазақшаға

    Деректер Қазақстанға көшкен соң қосылады

    Әрқайсысы ресми қазақша құжатқа айналады, бәрі бір ZIP файлда. Түпнұсқада жоқ санды Matin көрсетеді.

Ұйым атынан өтінім қалдыру →

Ұйымның өз жазу ережесін қосуға болады.

Әр қызметкердің күнделікті құжаты

Әр қызметкерге — Matin-нің барлық құралы.

  • Үлгіден құжат

    400+ үлгі. Не керегін бір сөйлеммен жазасыз, Matin толтырып береді.

  • Орысшадан қазақша құжат

    Сөзбе-сөз емес, ресми тілмен: «ПРИКАЗЫВАЮ» емес, «БҰЙЫРАМЫН».

  • Хатқа жауап

    Хатты қоясыз, не жауап беретініңізді айтасыз. Жауап хат дайын.

  • Жиналыс хаттамасы

    Асығыс жазбаңыз ресми хаттамаға айналады.

  • Екі тілдегі нұсқаны салыстыру

    Қазақша мен орысша нұсқадағы күн, сан, аты-жөн айырмасын табады.

  • Ресми талапқа тексеру

    Іс жүргізу ережесіне (№236) сай ма, заң атауы дұрыс па — тексереді.

Ойдан ештеңе қоспайды

  • Аты-жөн, күн, сан тек сіздің мәтініңізден алынады.
  • Түпнұсқада жоқ санды бөлек белгілейді.
  • Қалып қойған орысша сөзді көрсетеді.
  • ЖСН, телефон, шот нөмірі ЖИ-ге жіберілмейді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағасы қанша?

Бір адамға айына 2 490 ₸, бір адамнан бастап. Әрқайсысына айына 1 000 ЖИ әрекеті, ұйым ішінде ортақ. Жетпесе — қосымша пакет. Төлем шот бойынша.

Құжатты қандай түрде аламын?

Алдымен Matin-де ашылады. Тексересіз де, басып шығарасыз не Word, PDF етіп жүктейсіз.

Қызметкерлердің құжаттарын кім көреді?

Ешкім. Мәтін тексеріледі де, сақталмайды. Басшы тек санды көреді.

Орысша құжатты қазақшаға айналдыра ма?

Иә. Мәтінді не Word файлын ресми қазақша құжатқа айналдырады.

Жеке адам қолдана ала ма?

Иә. Тегін тарифте айына 3 құжат. Жаппай тексеру — «Ұйымдарға» тарифінде.

Құжат жұмысын Matin-ге беріңіз

Ұйымның аты мен адам санын жазыңыз. Шот жібереміз.